Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды
Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда қаланың ұйымдарынан 200-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылып, 15 жарымжан еңбекке тартылды. Арнайы еңбек жәрмеңкесінде Қарағанды қаласының өзінен 100-ден астам жарым жан жұмыс сұрап келген көрінеді. Ал, 25 кәсіпорын мен 20 мемлекеттік мекеме екі жүзден астам бос орындарын ұсыныпты. Оның он бес орнына мүгедек жандар бүгін орналасып та қойыпты. Ал, қарағандылық Жолдас Сарсекеев екінші топ мүгедегі. Жәрмеңкенің өткізілетінін естіген азамат бұл шараға қуана келіпті. Жолдастың еңбекке араласып, өз ісін ашу ойы да бар көрінеді. Жолдас СӘРСЕКЕЕВ, екінші топ мүгедегі: «Болашақта өзімнің кәсібімді ашқым келеді. Өз өзіме жұмыс істегім келеді.»