"Жан әке" әні -орындаған Жанат Андасова
"Жан әке" әні. Авторлары Үржардан шыққан талантты жерлестеріміз: ақын Жамалхан Өтегенова мен композитор Ахметхан Алпысбаев. 20.09.2019. ШҚО Үржар ауылы. "Бес бақытым" қайырымдылық концертінен фрагмент. ЖАН ӘКЕ әні: Ахметхан Алпысбаев сөзі: Жамалхан Өтегенова 1.Қадіріңді әке, өткенде білдім Қосылса күнде, күндерге бір күн Жыл өткен сайын жоғыңа сеніп Өзіңді әке, сағынып жүрмін Теңіздей терең, Кемеңгер дер ем Сағынды әке, бір қызың. Арқаңда сенің, Қалқаңда сенің Өмірдің көрдім қызығын. 2.Анамды іздеп, барғанда үйге Түсемін әке, өзгеше күйге. Өзің туралы айтар ма екен деп, Көзкөргендерді іздеймін кейде. Тірлікпен күйбең, Шықпасам үйден Жан әкем, мені түсіндің. Болсам да ана, Секілді бала, Өкініп кейде күрсіндім. 3. Аулаңда қалды іздерің басқан, Сөздерің қалды жазылмай дастан. Қалады бейнең мәңгілік тірі, Қалса да орнап, келбетің тастан. Аспандай ашық, Жұлдыздай қашық, Алыстап әке, барасың. Әніммен ашып, Мауқымды басып, Табайын көңіл дауасын.