Думан Бейбітханұлы - "Пай, пай, Өмір!"
Думан Бейбітханұлы - "Пай, пай, Өмір!" [2023] Мұқағали Мақатаевтың өлеңі Пай, пай, өмір өтесің-ау бір күні, Тиясың-ау қуанышты, күлкіні. Өмір деген бір жарқ еткен найзағай, Өмір деген көк аспанның күркірі. Пай, пай, өмір өтесің-ау бір күні. Болмағандай, жүрмегендей сенде біз, Кетеміз-ау, әй, кетеміз, пендеміз. Ұрпақтарға береміз де кезекті, Біз кетеміз, кету үшін келгенбіз. Пай, пай, өмір өтесің-ау бір күні Өмір деген бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін ұлы бекет жолдағы. Қаның кеуіп қаталаған кезіңде, Сусыныңды қандырсаң бір болғаны. Пай, пай, өмір өтесің-ау бір күні. Мына күнде, мына аспанда далам ау, Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау. Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс, Өмір деген өлемін деп қарамау. Пай, пай, өмір өтесің-ау бір күні.